<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Алғысқа толы атың,
 Жер-көкке сыймас даңқың!
 Керемет ұлы салтанатың
 Әндетсем әнім жетпес,
 Жырласам жырым жетпес
 Тәңірімсің Сен мақтанатын.

[C1]
   // Сен келгенде жаныма
   Ашылады қуана Саған жүрегім,
   Сен сөйлесең жүрекке
   Түсінеді бір сәтте
   Ей, менің жан дүнием,
   Сенсің Тәңірім
   Жүрегімді көретін
   Сенсің Бағушым,
   Жүрекпен сөйлесетін.
   Білесің маған қандай сөздің керегін. //

[V2]
 Шақырған барлық жанға жақынсың,
 Тек Сен ғана
 Сенген жан жаңылмас жолында,
 Түнекте болып жарық,
 Жан рухта болып азық
 Келесің бәрін қолға алып.

[V3]
 Жүректен шыққан алғыс,
 Төгеді тек қуаныш.
 Тек Сенің табиғатыңмен
 Қосылсам сендей болсам,
 Рухыңмен ұшып-қонсам,
 Бұдан артық бар ма екен арман.</lyrics>
<title>Алғысқа толы атың</title>
<author>Нұр</author>
</song>